Accessibility links

Ресей патриархы: Pussy Riot шіркеуді қорлады


Ресей патриархы Кирилл Құтқарушы Ғайса шіркеуінде уағыз айтып отыр. Мәскеу, 14 наурыз 2012 жыл

Ресей патриархы Кирилл Құтқарушы Ғайса шіркеуінде уағыз айтып отыр. Мәскеу, 14 наурыз 2012 жыл

Орыс православие шіркеуінің басшысы патриарх Кирилл феминистік Pussy Riot панк тобы Құтқарушы Ғайса ғибадатханасын (храм Христа Спасителя) қорлады деп мәлімдеді.

4 ақпан күні панк топ мүшелері аталған шіркеуге баса-көктеп кіріп ән салған болатын. Pussy Riot мүшелері осылайша қайта президент болып сайланған Ресей премьер-министрі Владимир Путинді православие шіркеуі басшысының ашық түрде қолдап шыққанына наразылық таныттық деп санайды.

Осы әрекеті үшін топтың үш мүшесі қамауға алынған. 2 000-нан астам адам патриарх Кирилге хат жазып, топ мүшелеріне қысым жасамауды өтінді. Орыс православие шіркеуінің басшысы жергілікті телеарнаға берген сұқбатында мұндай әрекеттен жаны ауырғанын және топ мүшелерін өздерін христианбыз деп санайтын адамдардың қолдап жатқанын көріп қапаланғанын айтқан.
XS
SM
MD
LG