Accessibility links

АҚШ сержанты атып өлтіргендер үшін құн төленді


Жергілікті уәлаят кеңесінің мүшесі Ага Лалаидың хабарлауынша, АҚШ солдаты Кандагар провинциясында атып өлтірген бейбіт тұрғындардың отбасыларына төлемақы берілді.

25 наурызда Азаттық радиосының Ауған қызметіне комментарий берген Ага Лалаидың мәлімдеуінше, адамы өлген отбасылар қаза тапқан жан басына 50 000 АҚШ доллары, ал әрбір жараланған адамы үшін 11 000 АҚШ доллары көлемінде төлемақы алған. НАТО-ға қарасты Халықаралық қауіпсіздік жәрдемі тобының Кабулдағы өкілі қандай да бір ақы төленгені туралы мәліметті растамады.

АҚШ әскерінің сержанты Роберт Бейлзге өткен жұма күні 17 адамның өліміне қатысты айып тағылды. Ол 11 наурыз күні Пянджваи ауданында жасаған түнгі қырғыны үшін жауапқа тартылмақ.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG