Accessibility links

Конституция тобында Египет исламшылары басым


Египеттің исламистері 100 адамнан тұратын конституцияны жобалау тобының 60 пайызын құрап отыр. Бұл топ мемлекеттегі Ислам дінінің және азшылықтардың орнын анықтамақшы.

Конституция жобасын жасаушы топқа мүше 100 адамның тізімін парламент 25 наурыз күні жария етті. Тізім бойынша топтың 60 пайызы "Мұсылман бауырлар" ұйымына қарайтын Азаттық пен әділет партиясының мүшелері мен радикал салафилер.

Конституцияны жобалау тобының мүшелерін сайлау бойынша парламент 24 наурызда дауыс берген болатын. Жаңа конституция президенттің өкілеті мен әскердің болашағы сияқты маңызды мәселелерді бекітпекші.
XS
SM
MD
LG