Accessibility links

Обама Пхеньянға ескерту жасады


АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама Сеулде Солтүстік Кореяға "Егер Пхеньян ядролық бағдарламасымен арандатушылық әрекеттерін ары қарай да жалғастыра берсе, халықаралық қауымдастықтан бұдан да ары оқшаулана береді" деп ескерту жасады.

Обама бұл ескеруін Оңтүстік Корея астанасы - Сеулде ядролық қауіпсіздік мәселелеріне арналған саммит қарсаңында студенттермен кездесуінде айтты. Сеулде 26 наурызда ашылатын саммитке 50-ден астам мемлекеттің басшылары қатыспақ.

Барак Обама Иран мәселесін де қозғай кетті. "Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі дағдарысты дипломатиялық жолмен шешудің уақыты аяқталып келеді" деді ол.

АҚШ президенті Солтүстік Корея мен Иранға қатысты мәселені осы форумда Ресей және Қытай басшыларымен екеуара кездесулер кезінде талқыламақ ниеті барын білдірді.

Обама бұған қоса, мамыр айында Ресейдің жаңа сайланған президенті Владимир Путинмен жоспарлаған кездесуінде ядролық қару қорын одан ары қысқарту мәселесін де талқылауға дайын екенін айтты.

Сеулдегі саммитке Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та қатыспақ. Ол Сеулге жексенбі, 25 наурызда ұшып барды.
XS
SM
MD
LG