Accessibility links

Кубада 70 белсенді тұтқындалды


Кубада Рим папасы 16-Бенедиктің сапары қарсаңында 70 адам тұтқындалды деп хабарлайды жергілікті белсенділер.

Адам құқықтары және ұлттық келісім мәселелері бойынша азаматтық комиссия өкілдерінің айтуынша, диссиденттік қозғалысты қолдайтын белсенділерді Сантьяго-де-Куба қаласында 16-Бенедикт барған кезде шеру өткізбес үшін тұтқындаған.

Комиссия өкілдері тұтқындалғандар арасында саяси себептермен сотталғандардың туыстары мен әйелдерінен тұратын ұйым мүшелері де барын айтады.

Рим папасы бұған дейін ел басшыларын марксизмді мемлекеттік идеология ретінде ұстанудан бас тартуға шақырған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG