Accessibility links

Қазақстан мен Оңтүстік Корея басшылары кездесті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Дүйсенбіде президент Нұрсұлтан Назарбаев Сеулде Оңтүстік Корея президенті Ли Мен Бакпен кездесті.

Президенттің баспаөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде Назарбаев Қазақстанның Оңтүстік Кореямен газ химиясы, электр энергиясы салаларына қатысты экономикалық жобаларда ынтымақтасуға мүдделі екенін білдірген.

Назарбаев бұл тұста екі жақтың Балқаш жылу электр станциясының жобасын бірлесе жүзеге асырып жатқанын, Атырау облысындағы газ химиясы кешенінің екінші кезеңін салып жатқанын атап өткен.
XS
SM
MD
LG