Accessibility links

Оңтүстік Қазақстанда тасқын су келтірген шығын есептелді


Ордабасы ауданы, Темірлан ауылында су басып, құлағалы тұрған үй. Оңтүстік Қазақстан облысы, 23 ақпан 2012 жыл.

Ордабасы ауданы, Темірлан ауылында су басып, құлағалы тұрған үй. Оңтүстік Қазақстан облысы, 23 ақпан 2012 жыл.

Арнайы комиссия ақпан айында Оңтүстік Қазақстан облысының бірнеше ауданында болған тасқын су келтірген шығынды есептеп шығарды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігіне сілтеме жасаған ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

Комиссияның деректері бойынша, қираған 90 үйді қайтадан салу қажет. 280 үй, облыстық деңгейдегі төрт көпір мен жолдарға күрделі жөндеу жасау керек.

"Бұл нысандарға жиыны 1 миллиард 185 миллион теңге қажет. Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындарын сел мен су басудан қорғау жұмыстары әлі жүріп жатыр. Жағдайды бақылап отырмыз" деп хабарлады облыс әкімдігі.

Облыста ақпан айынан бері ауа райы күрт жылынып, еріген қар суы 12 ауданның 226 елді мекенін басып қалған еді. Оның ішінде 30 елді мекенде 610 үй су астында қалған болатын.
XS
SM
MD
LG