Accessibility links

Оңтүстік Осетияда сайлаудың екінші кезеңі өтеді


Оңтүстік Осетияда қайта өткен президент сайлауының нәтижесі жарияланды. Сайлауда екі кандидат алға шығып, 8 сәуірге белгіленген сайлаудың екінші кезеңінде қайта бәсекеге түсетін болды.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Белла Плиеваның хабарлауынша, жексенбіде өткен сайлау нәтижесінде республиканың бұрынғы КГБ төрағасы Леонид Тибилов 42 пайыз жинап, алға шықты.

Екінші кезеңге өткен келесі кандидат - адам құқықтары жөніндегі өкіл Давид Санакоев 24 пайыздан астам дауыс жинаған.

Қалған екі кандидат - Оңтүстік Осетияның Ресейдегі елшісі Дмитрий Медоев пен коммунистік партияның жетекшісі Станислав Кочиев 24 және 6 пайыздан дауыс жинаған.

Өткен жылдың қарашасында өткен алғашқы сайлауда жеңіске жетіп, артынан оны орталық сайлау комиссиясы жоққа шығарған оппозиция жетекшісі Алла Джиоева бұл жолғы сайлауға қатысудан бас тартқан.
XS
SM
MD
LG