Accessibility links

Сирия әскері Хомс қаласын атқылап жатыр


Хомстың орталығында шабуыл кезінде өртеніп жатқан көліктер. Сирия, Хомс, 20 наурыз 2012 жыл.

Хомстың орталығында шабуыл кезінде өртеніп жатқан көліктер. Сирия, Хомс, 20 наурыз 2012 жыл.

Сирия үкіметінің әскерлері қарулы көтерілісшілер орналасқан Хомс қаласының Халдийе ауданын артиллериямен атқылап жатыр. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Мұның алдында көтерілісшілер бірнеше апта шабуылдан соң Хомстың тағы бір ауданы - Баба-Амрды тастап шыққан болатын.

Түркия 26 наурызда Сириядағы елшілігін жабатынын мәлімдеді. Бұған дейін Батыс елдері, бірқатар араб мемлекеттері мен Жапония Сириядағы елшіліктерін жапқан еді.

Дүйсенбі, 26 наурызда Башар әл-Асад режиміне қарсы сириялық оппозиция топтарының өкілдері Стамбулда жиналады. Олар 1 сәуірде болатын "Сирияның достары" деп аталатын елдердің конференциясы қарсаңында ортақ майдан құруға талаптанбақшы.
XS
SM
MD
LG