Accessibility links

Маржан Аспандияроваға айыппұл салынды


ЖСДП өкілі Маржан Аспандиярова митингіде сөйлеп тұр. Алматы, 24 наурыз 2012 жыл.

ЖСДП өкілі Маржан Аспандиярова митингіде сөйлеп тұр. Алматы, 24 наурыз 2012 жыл.

Алматының әкімшілік соты оппозиция белсендісі, ЖСДП өкілі Маржан Аспандияроваға рұқсат етілмеген митингіге қатысқаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш (шамамен 500 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салды.

24 наурызда Алматыда Достық пен Абай даңғылдарының қиылысында мыңнан аса адам Жаңаөзен оқиғасына 100 күн толуына орай митингіге шықты. Жиналғандар Жаңаөзен оқиғасына Нұрсұлтан Назарбаевты кінәлі деп тапты.

Митингіге дейін және кейін полиция бірнеше адамды ұстап, әкімшілік жазаға тартып жатыр.
XS
SM
MD
LG