Accessibility links

Шушкевичке коммунизм құрбандары қорының медалі берілді


Беларусьтің тұңғыш президенті Станислав Шушкевич коммунизм құрбандарын еске алу қорының медалімен марапатталды. Вашингтон, 26 наурыз 2012 жыл.

Беларусьтің тұңғыш президенті Станислав Шушкевич коммунизм құрбандарын еске алу қорының медалімен марапатталды. Вашингтон, 26 наурыз 2012 жыл.

СССР құлағаннан кейін Беларусьтің тұңғыш президенті болған Станислав Шушкевич АҚШ-тың коммунизм құрбандарын еске алу коммерциялық емес қорының медалімен марапатталды.

Вашингтонда өткен салтанатты шарада Шушкевичті "Трумэн-Рейган бостандығы" медалімен марапаттады. Бұл медаль бостандық пен демократияға үлес қосқан. Коммунизм және тирандықтың басқа да түрімен күрескен адамдарға беріледі.

Бұл сыйлықты алғандардың арасында Чехияның бұрынғы президенті Вацлав Гавел, Рим папасы ІІ Иоанн Павел және Польшаның бұрынғы президенті Лех Валенса бар.

Медальді тапсыру кезінде Шушкевич коммунистік қуғын-сүргін кезінде өз әулетінен 30 адамның құрбан болғанын еске алып, Беларусьте совет билігі тұсында құрбан болған миллиондаған адамдарға арнап ескерткіш тұрғызылады деген үмітін білдірді.
XS
SM
MD
LG