Accessibility links

Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы баяндама жасап, Таяу Шығыс елдерінде 2011 жылы өлім жазасын қолдану бұрынғы жылдармен салыстырғанда көбейгенін хабарлады.

Құқық қорғаушылардың мәліметі бойынша, 2011 жылы әлем елдерінде барлығы 676 адамға өлім жазасы орындалған. Оның жартысынан көбі Иранда орындалса, 82-сі Сауд Арабиясында, 68-і Иракта болған.

Бірақ бұл тек тіркелген өлім жазалары ғана. Бұған Қытайда орындалған өлім жазалары кірмейді. Себебі, Пекин өлім жазасына кесілгендер жайлы мәліметтерді өте құпия ұстайды. Сондықтан Қытайда өлім жазасына кесілгендер мыңдап саналуы мүмкін.

Сарапшылар мұнымен қатар әлемде бірқатар елдер өлім жазасын қолданудан бас тартып жатқанын да айтады.

AzattyqTV

Теңіз жағасындағы үй

Людмила Путинаның вилласы

XS
SM
MD
LG