Accessibility links

Жезқазғандық газет басшысын ҰҚК-ге шақырды


«Молодежная газета» басылымының бас редакторы Берік Жағыпаров.
«Молодежная газета» басылымының бас редакторы Берік Жағыпаров.
Жезқазғанда шығатын "Молодежная газета" басылымының бас редакторы Берік Жағыпаровты ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) 26 наурызда алдын ала тергеуге шақырды.

Бұл жайында Азаттық радиосына Жағыпаровтың өзі хабарлады. Айтуынша, тергеуге "Қазақмыс" корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огайдың ҰҚК-ге жазған шағымы себеп болған.

Шағымда Огай Берік Жағыпаров, газеттің әлеуметтік мәселелер бойынша редакторы Андрей Цуканов және жұмыстан босаған "Қазақмыстың" екі жұмысшысын "әлеуметтік араздықты қоздырғысы келеді" деген.

Жағыпаров "бұған газеттің жұмысшылар мәселесін жиі көтеруі себеп болды" дейді.

Жезқазған мыс қорыту зауыты жұмысшыларының әлеуметтік мәселелерін жиі қозғайтын газет басшылығы бұған дейін де жан-жақтан түрлі қысымдар болғанын хабарлаған болатын.
XS
SM
MD
LG