Accessibility links

Пхеньян ұшыратын спутнигі жайлы мәлімет жариялады


Солтүстік Корея билігі сейсенбіде сәуірде ұшырғалы отырған спутнигі жайлы кейбір мәліметтерді жариялады.

Мемлекеттік агенттіктердің хабарлауынша, Пхеньян ұшыратын спутник "ауыл шаруашылығы мен экономиканың өзге де салаларына қажетті ауа-райына дәл болжам жасай алады".

Батыс елдері бұған дейін спутниктің ұшырылуына алаңдап, "Пхеньян шын мәнінде спутник емес, ядролық қару алып ұша алатын баллистикалық зымыран ұшыруы мүмкін" деп қауіптенген болатын. Әйтсе де, Солтүстік Корея сейсенбіде "орбитаға бейбіт мақсаттағы спутник шығару құқығынан бас тартпайтынын" мәлімдеді.

Ал дүйсенбіде АҚШ президенті Барак Обама "Пхеньян егер қару-жарағын сынауға қатысты арандатулардан бас тартпайтын болса, бұдан да ары халықаралық оқшаулануға ұшырайды" деп ескерту жасаған болатын.
XS
SM
MD
LG