Accessibility links

Кофи Аннан Қытайға барды


БҰҰ мен Араб лигасының Сирия бойынша арнайы өкілі Кофи Аннан. Женева, 16 наурыз 2012 жыл.

БҰҰ мен Араб лигасының Сирия бойынша арнайы өкілі Кофи Аннан. Женева, 16 наурыз 2012 жыл.

БҰҰ мен Араб лигасының Сирия бойынша өкілі Кофи Аннан сейсенбіде Пекинге барды.

Мұнда ол Қытай премьер-министрі Вэнь Цзябаомен кездеспек.

Кофи Аннан бұған дейін Мәскеуде Ресей президенті Дмитрий Медведевпен жолықты. Медведев Аннанның Сирия мәселесін бейбіт реттеу туралы ұсынысын қолдап, "Аннан - Сирияны азаматтық соғысқа ұрындырмайтын соңғы мүмкіндік" деген болатын.

Аннан ұсынған жобада Сирияда үкімет әскерлерінің атысты тоқтатып, әскери қимылдар болып жатқан аудандарда қалып қойған бейбіт тұрғындарға гуманитарлық көмек жеткізу де қарастырылған.

Бұдан бұрын Ресей мен Қытай БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сирия басшылығын қантөгіске душар етті деп қатаң айыптайтын екі қарарына вето қойған болатын. Бұл жолы Мәскеу мен Пекин Кофи Аннанға тапсырылған миссияға қарсы болған жоқ.
XS
SM
MD
LG