Accessibility links

Шыңжаңда ұйғыр азаматы өлім жазасына кесілді


Қытайдың Қашқар қаласының соты жергілікті ұйғыр азаматы Абдукерим Мамутиді Шыңжаң аймағында "адам құрбан болған террорлық шабуылдарды жасады" деп айыптап, өлім жазасына кесті.

Шыңжаңдағы жергілікті үкіметіне қарасты агенттіктің хабарлауынша, Қашқар соты үкімді дүйсенбіде шығарған. Сот Абдукерим Мамутиді "діни экстремизм мен терроризмді таратты" және "2011 жылдың шілдесі мен 2012 жылдың ақпанында өзіне жақтастар тартты" деп айыптады.

Агенттік Мамути тобының қарулы мүшелері 28 ақпанда Яченг қаласында 15 адамды өлтіріп, 14 адамды жаралады дейді.

Пекин "аймақты игеру үшін" деген сылтаумен қытайлықтарды Шыңжаңға жаппай қоныстандыру саясатын бастағаннан кейін бұл аймақта жергілікті ұйғырлар мен этникалық қытайлықтар арасындағы шиеленіс күшейіп кетті.
XS
SM
MD
LG