Accessibility links

Өзбекстан ислам қозғалысының командирі қаза тапты


Ауғанстандағы НАТО күштері елдің солтүстік-батысында "әл-Қаидамен" байланысы бар "Өзбекстан ислам қозғалысының" (ӨИҚ) аға командирі Махдум Нурсаттың қаза тапқанын хабарлады.

Халықаралық қауіпсіздік сақтау күштері сейсенбіде таратқан хабарламасында дүйсенбіде Ауғанстанның арнайы күштері мен НАТО сарбаздары бірлесіп, Махдум Нурсат пен ӨИҚ-ның бірнеше жауынгерін өлтіргені айтылады.

Махдум - ұйымның Ауғанстанда белсенді әрекет ететін жоғары деңгейлі командирінің бірі. Ол Ауғанстанның солтүстік уәлаяттарындағы коалиция әскерлеріне қарсы шабуылдарды жасады деп айыпталған болатын. Бұған қоса оны ауған парламентариін өлтіруге де қатысты дейді.

Өзбекстан ислам қозғалысы Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Ауғанстанда белсенді әрекет етеді. Қозғалыс жетекшілері Орталық Азияда ислам халифатын құру мақсаттары барын талай рет жариялаған болатын.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG