Accessibility links

Қырғызстанда алтын өндіру көлемі азаюы мүмкін


Қырғызстанның "Құмтөр" алтын кенішін игеріп жатқан канадалық "Сентерра Голд" компаниясы биыл кеніштен алтын өндіру көлемі жоспардан 60 пайызға кем болуы мүмкін екенін хабарлады.

"Сентерра Голд" бұған жұмысшылардың ақпанда 10 күн бойына жұмысқа шықпай қоюынан кеніште шектен тыс мұз қатып, топырақ түсіп кеткені себеп дейді. Бұл жоғары сапалы руда алуға кедергі болады.

Компания басшылығы "Осыған орай 2012 жылы жоспардағы 625 мың унцияның орнына небәрі 390 мың унция ғана алтын өндірілуі мүмкін" дейді.

Басшылық бұған қоса жұмыс тағы да тоқтайтын болса, өнім көлемі бұдан да азайып кетуі мүмкін деп ескертеді.

"Құмтөрдің" акциясының үштен біріне қырғыз үкіметі ие. Сондықтан бұл ел бюджетіне де кері әсер етуі мүмкін.

AzattyqTV

Әлеуметтік желіге шолу

"Қызықстанның нұрлы жолдары"

XS
SM
MD
LG