Accessibility links

Ресей мен Пәкістан есірткі айналымына қарсы күреспек


Ресейдің есірткімен күрес жөніндегі федералдық қызметінің басшысы Виктор Иванов сейсенбіде Исламабадта пәкістандық әріптесі Саид Шакил Хусейнмен заңсыз есірткі айналымымен күрес жайын талқылады.

Саид Шакил Хусейннің айтуынша, Ауғанстанның солтүстік шығысында, Тәжікстанмен шекаралас аудандарда есірткілік шөп өсіру 50 пайызға, ал одан героин жасайтын зертханалар екі есеге өскен.

Хусейн бұл тұста есірткінің негізінен Ресей мен Орталық Азия елдерінің нарығында саудаланатынын атап өтіп, Виктор Ивановқа есірткі бизнесімен айналысатын Орталық Азия елдерінің 15 азаматының тізімін берген.

Иванов пәкістандық әріптесімен 2012-2014 жылдар аралығында Ауғанстанның Бадахшан уәлаятындағы шамамен 600-дей есірткі жасайтын зертхананы жою туралы келісім жасасқан.
XS
SM
MD
LG