Accessibility links

"Голос Республики" қызметкерлерін ҰҚК-ге алып кетті


«Голос Республики» газеті сәрсенбіде таңертең басылым журналисі Ирина Медникова мен газетті тарату бөлімінің жетекшісі Юлия Козлованы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) қызметкерлері алып кетті деп хабарлады.

Басылым таратқан хабарламаға қарағанда, журналистерді үйлерінен жұмысқа шыққан мезгілде алып кеткен. Ирина Медникова өзін қарапайым киінген адамдар шақырту қағазын беріп, ҰҚК-ге алып бара жатқаны туралы әріптестеріне хабарлап үлгірген.

Ал Юлия Козлованы алып кеткені туралы оның жүргізушісі хабарлаған.

Редакция қызметкерлерін ҰҚК-ге не үшін алып кеткенін білмей отыр.
XS
SM
MD
LG