Accessibility links

Құмкөл кенішінің жұмысшылары митингіге шықты


Құмкөл мұнай кенішін игеріп жатқан "ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз" компаниясына қызмет ететін "БИС" кәсіпорнының 400-ге тарта жұмысшысы 27 наурызда наразылық танытып, митингі өткізді.

Бұл туралы Азаттық тілшісіне кәсіпорынның бас директоры Ділдахан Ахметов хабарлады. Оның айтуынша, 27 ақпанда компания жариялаған тендерде "БИС" ұтылып қалып, кәсіпорынның 700 жұмысшысы жұмыссыз қалған. "БИС" басшылығы "кәсіпорын тендер әділетсіз өткендіктен ұтылды" деп санайды.

Жұмысшылар митингіде "Шетелдік инвесторлар құзыры қайта қаралсын!", "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ" деген ұрандар көтеріп шыққан.

Ділдахан Ахметов мәселе бойынша облыстық, қалалық әкімдіктерге жүгініп, одан еш пайда болмағанын айтады. "Енді "ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз" компаниясын сотқа береміз" дейді ол.

"ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз" - Орталық Қазақстандағы Құмкөл мұнай кенішін игеріп жатқан PetroKazakhstan компаниясының құрамына кіреді.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG