Accessibility links

Жаңаөзен соты бүгін де жалғасып жатыр


Жаңаөзен оқиғасы бойынша сот отырысы. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.

Жаңаөзен оқиғасы бойынша сот отырысы. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.

Ақтауда Жаңаөзен мен Шетпедегі оқиғаларға қатысты сот процесі бүгін де жалғасып жатыр.

Сот "Арман" орталығында өтіп жатыр. Сотқа қатысып жатқан Janaozen.net веб-порталының журналисі Саламат Омаш Facebook-те сотқа бүгін адам кешегіден аз келгенін, журналистер отырған бөлмеден соттың сөзі естілмей жатқанын хабарлады. "БАҚ өкілдері негізгі залға кіре алмай отыр" дейді ол.

Ал Twitter-дегі жазбаларда істің 93 томнан тұратыны, сотталушылардың ісі төрт топқа бөлініп қаралып жатқаны айтылады. Сот залына камера кіргізуге рұқсат берілмеген.

Сотқа 37 айыпталушы, 100-ден аса жәбірленуші, 45 куәгер мен 6 мемлекеттік айыптаушы қатысып жатыр.
XS
SM
MD
LG