Accessibility links

Жаңаөзен сотында сурет пен видеоға тыйым салынды


Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтіп жатқан сот процесі. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.

Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтіп жатқан сот процесі. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.

Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтіп жатқан сотта журналистерге фотоға және видеоға түсіруге тыйым салынды. Бұл жайында Ақтау қалалық прокурорының орынбасары Серік Әміров хабарлады.

Сот процесі 27 наурызда Ақтау қаласындағы "Арман" жастар орталығында басталған. Сотқа айыпталушылар мен жәбірленушілердің туыстары, журналистер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, құқық қорғаушылар қатысып жатыр.

Сотта 37 адамға айып тағылып, іске жүзден астам жәбірленуші мен 45 куәгер тартылған.
XS
SM
MD
LG