Accessibility links

Айдос Садықовқа рақымшылық жасалды


Оппозиция белсендісі Айдос Садықов. Ақтөбе, 16 шілде 2010 жыл.

Оппозиция белсендісі Айдос Садықов. Ақтөбе, 16 шілде 2010 жыл.

Ақтөбе қаласының соты 28 наурызда 2 жылға сотталған оппозиция белсендісі Айдос Садықовқа рақымшылық жасап, мерзімінен бұрын босату туралы қаулы шығарды.

Садықовтың әйелі Наталья Садықованың айтуынша, соттың қаулысы 15 күннен соң - 13 сәуірде күшіне енеді. Айдос Садықов 13 сәуірде бостандыққа шығады.

Айдос Садықов 2010 жылдың шілде айында «билік өкіліне қарсыласып, бұзақылық жасады» деп айыпталып, екі жылға сотталған. Ол жазасын Ақтөбедегі УКА 168/2 түрмесінде өтеді.
XS
SM
MD
LG