Accessibility links

Janaozen.net веб-порталы кеңсесіне басып кірмек болды


Қасым Аманжолұлы Жаңаөзен оқиғасына 100 күн толуына орай өткен қарсылық жиынында сөйлеп тұр. Алматы, 24 наурыз 2012 жыл.
Қасым Аманжолұлы Жаңаөзен оқиғасына 100 күн толуына орай өткен қарсылық жиынында сөйлеп тұр. Алматы, 24 наурыз 2012 жыл.

Janaozen.net веб-порталының бас редакторы Қасым Аманжолұлының айтуынша, бүгін, наурыздың 28-і, кешкі сағат бес шамасында кеңсе есігін спорттық киім киген белгісіз үш жігіт бар күштерімен жұлқылап, дереу ашуды талап еткен. Іштегі Janaozen.net веб-порталының журналистері "Kім боласыздар?" деп сұрағанда, "Есікті аш! Сөйлесеміз. Нұрбол керек. Ол бізге ақша қарыз. Аш деймін!" деп айқайлаған. Журналистер полиция шақыратынын айтқаннан кейін ғана олар кетіп қалған. Қазір полиция келіп, белгісіз адамдарды іздеп жатыр.

Қасым Аманжолұлы бір ай бұрын, Janaozen.net веб-порталы ашылмай тұрып жоғары шенді полиция қызметкерінің келіп кеңсені тексергенін, журналистердің аты-жөндерін жазып алғанын айтты. Өзін таныстырмаған, құжатын көрсетпеген полиция шенеунігі "Кеңсені жалға берген адамды, керек болса жер астынан суырып аламын" деп ескерткен.

Қасым Аманжолұлы Азаттық тілшісіне бір айдың ішінде осындай екі оқиғаның болғанын айта келіп, "Мен журналистердің жеке қауіпсіздігіне алаңдай бастадым" деді.
XS
SM
MD
LG