Accessibility links

Италия Каддафидің активтерін тәркіледі


Италияның салық полициясы Ливияның бұрынғы президенті Муаммар Каддафи мен оның отбасына тиесілі делінетін 1 миллиард 400 миллион АҚШ долларына тең қаржылық активтерін тәркіледі.

Тәркіленген активтердің арасында Италияның ірі "Юникредит" банкі, "Эни" мұнай-газ компаниясы, "Фиат" автомобиль концерні мен туриндік "Ювентус" футбол командасына салынған акциялар бар.

Италия үкіметінің хабарлауынша, активтерді тәркілеуге Гаагадағы халықаралық сот ордер берген.

Қазір Гаага сотында бұрынғы Каддафи режимінен зардап шеккендердің шағымдары қаралып жатыр.

Муаммар Каддафи 2011 жылы 20 қазанда, бірнеше айға созылған халық толқуларында туған қаласы Сиртте көтерілісшілер қолынан қаза тапты.
XS
SM
MD
LG