Accessibility links

Папа АҚШ-тың Кубаға салған эмбаргосын сынады


Рим папасы 16 Бенедикт (сол жақта) Гаванада Куба президенті Рауль Кастромен кездесті. Гавана, 27 наурыз 2012 жыл.

Рим папасы 16-Бенедикт Кубаға сапарын аяқтайтын күні, сәрсенбіде АҚШ-тың Гаванаға салған экономикалық эмбаргосын сынады.

Рим папасының сөзінше, эмбарго Куба халқына ауыр тиіп отыр.

16-Бенедикт кубалықтарды ешкімнің құқықтары шектелмейтін ашық қоғам құруға шақырды.

Сапар барысында 16-Бенедикт ашық аспан астында мыңдаған адамға арнап құлшылық өткізді. Ол Кубаның қазіргі президенті Рауль Кастромен, елді 50 жылдан астам басқарып, коммунистік режимді құрған Фидель Кастромен кездесті.
XS
SM
MD
LG