Accessibility links

Қытайда тағы бір монах өзін-өзі өртеді


Қытайдың батысында тағы бір тибеттік монах Пекиннің аймаққа қатысты саясатына қарсылық танытып, өзін-өзі өртеп жіберді.

Үндістанда қуғында жүрген тибеттік монахтар Канья Церинг пен Лосан Ешенің хабарлауына қарағанда, сәрсенбіде өзін-өзі өртеген - 20 жастағы Шераб атты монах. Аба префектурасындағы Кирти монастрінде оқиды. Ол өзін-өзі өртейтін кезде Қытайдың саясатына қарсы ұрандар айтқан.

Монахтың мәйітін қытайлық полицейлер алып кеткен.

Тибетте өткен жылдан бері Қытайдың саясатына наразылық танытқан 30-дан аса монах өзін-өзі өртеп жіберді. Қытай билігі монахтардың өзін-өзі өртеуіне қуғындағы Тибет көсемі Далай Лама ықпал етіп отыр дейді.

Қуғындағы Тибет үкіметі бұдан бұрын адамдарды өзін-өзі өртемеуге шақырған үндеу таратқан болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG