Accessibility links

Шығыс Қазақстанда "болашағы жоқ ауылдарды" көшірмек


Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Шығыс Қазақстанда болашағы жоқ деп саналған 69 ауыл мен елді мекендердің тұрғындарын басқа жаққа көшіру бағдарламасы жасалды. Бұл туралы сәрсенбіде бірінші вице-премьер Серік Ахметов қатысқан жиында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев хабарлады.

Сапарбаевтың айтуынша, болашағы жоқ 69 ауылдың тұрғындарын іргелі 47 ауылға көшіру жоспары жасалған. "Әр ауданнан 2 елді мекен іргелі ауылдың қатарына кіргізілді. Оны дамытудың үш жылдық жоспары жасалды. Оған республикалық, жергілікті бюджеттерден қаржы бөлінеді" деді Сапарбаев.
XS
SM
MD
LG