Accessibility links

Испанияда ереуілшілер мен полиция қақтығысты


Ереуілшілер Мадридтегі теміржол бекетінің жанында тұр. Испания, Мадрид, 29 наурыз 2012 жыл.

Ереуілшілер Мадридтегі теміржол бекетінің жанында тұр. Испания, Мадрид, 29 наурыз 2012 жыл.

Испанияда бір тәулікке созылған ереуілде жұмысшылар полициямен қақтығысып, бірнеше адам жараланды, 30-дан астам адам тұтқындалды.

Кәсіподақтардың хабарлауынша, ереуілге елдегі түрлі саланың (металлургия, химия, текстиль, тамақ өнеркәсібі мен құрылыс) жұмысшылары шыққан.

Ереуілшілер пикеттер ұйымдастырып, автобустардың жүруіне кедергі келтіруге тырысқан. Сауда орындарын жауып тастаған. Тұтқындалған адамдарға "қоғамдық тәртіпті бұзды" және "мемлекет мүлкіне зардап келтірді" деген айыптар тағылып отыр.

Қазір елдегі әуе рейстерінің үштен бірі, пойыздар мен автобустардың үштен екісі тоқтап тұр.

Ереуілдер үкіметтің жұмыскерді жұмыстан шығарып жіберуді оңайлататын еңбек нарығындағы реформаларына және бюджет шығындарын қысқартуына наразылық ретінде өтіп жатыр.

Бірақ Испания үкіметі Еуропа Одағы талап еткен қатаң экономикалық саясатты жалғастыра беретінін мәлімдеді.

Испания - Еуропада Греция, Португалиямен қатар қаржы дағдарысына ұшырау алдында тұрған ел.
XS
SM
MD
LG