Accessibility links

Түркімен спутнигін Қытай зымыраны алып ұшуы мүмкін


Түркіменстан билігі Қытай зымыранының 2014 жылы Жер орбитасына түркімен спутнигін алып ұшу жоспары жүзеге асып жатқанын хабарлады.

Спутник жайы Ашғабадта Қытайдың мемлекеттік The Great Wall индустриалдық тобының өкілдері мен түркімен билігінің арасында талқылғанған.

Өткен жылдың қазан айында Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Қытайға сапарында Пекинді елдің ғарыштық бағдарламасына қатысуға шақырған болатын.

Түркіменстан өткен жылы Францияның Thales Alenia Space France компаниясымен телекоммуникация саласына арналған елдің тұңғыш спутнигін жасауға келісім жасасқан еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG