Accessibility links

Тимошенкоға жаңа айып тағылды


Юлия Тимошенконың Киевте тергеу абақтысында отырған кезі, Украина, Киев, 4 қараша 2011 жыл.

Юлия Тимошенконың Киевте тергеу абақтысында отырған кезі, Украина, Киев, 4 қараша 2011 жыл.

Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенкоға "салық төлеуден жалтарды" деген жаңа айып тағылды.

Харьков облысының прокуроры Геннадий Тюриннің хабарлауынша, іс Харьков сотына жіберілген. Жаңа айып Тимошенконың 1990 жылдары "Украинаның біртұтас энергетикалық жүйелері" корпорациясын басқарған кездегі қызметімен байланысты.

Украина прокурорлары сот таяу апталарда басталатынын айтады.

Тимошенко өткен жылдың қазанында "қызмет бабын асыра пайдаланды" деген айыппен жеті жылға сотталды. Жақтастары оның ісінда саяси астар бар деп санайды.
XS
SM
MD
LG