Accessibility links

"Қазақмыс" кенішінде жұмысшы қаза тапты


Сәтбаев қаласында 29 наурызда "Қазақмыс" корпорациясына тиесілі кеніште жұмысшы ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

Жұмысшының денесі "Қазақмыс" корпорациясына қарасты "Жезқазғантүстіметалл" компаниясына тиесілі Анненск кенішінің №23 бөлімшесінен табылған.

Жұмысшының қалай қайтыс болғаны қазір тексеріліп жатыр.

"Қазақмыс" корпорациясының Жезқазған қаласындағы жұмысшылары өткен жылдың аяғынан бері жалақыларын көтеруді талап етіп келеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG