Accessibility links

Франция 20 адамды "экстремист" деген күдікпен қамады


Франция полициясы жұма күні Тулуза, Нант және тағы бірнеше қалада рейд жүргізіп, исламшыл экстремистік топтармен байланысы бар деген күдікпен 20 адамды тұтқындады.

Тулуза қаласында наурыздың басында белгісіз ер адам франциялық үш сарбазды, еврей мектебіндегі үш бала мен раввинді өлтіріп кеткен еді. Бұл қылмысқа Алжирден шыққан Мұхаммед Мера атты исламшыл экстремист күдікті деп танылды. Мера 22 наурызда полициямен атыста қайтыс болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG