Accessibility links

"Голос республики" қызметкерлерін ҰҚК-ге шақырды


"Голос республики" газетін шығаратын фирма басшысының орынбасары Гузяль Байдалинованы сағат 15-те ұлттық қауіпсіздік қызметіне (ҰҚК) шақырды.

Газет таратқан хабарламаға қарағанда, шақыртуды ҰҚК қызметкері күндізгі сағат 12-де газет кеңсесіне келіп тапсырып кеткен. Басылым Байдалинованың ҰҚК-ге қорғаушысымен бірге баратынын айтады.

ҰҚК бұған қоса газетті тарату бөлімінің жетекшісі Юлия Козлова мен журналист Ирина Медникованы да шақырған.

Козлова мен Медникова бұдан екі күн бұрын да ҰҚК-ге шақырылған еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG