Accessibility links

Сот Козловтың шағымын қанағаттандырмады


Тіркелмеген «Алға» оппозициялық партиясының жетекшісі Владимир Козлов. Алматы, 26 қараша 2011 жыл.
Тіркелмеген «Алға» оппозициялық партиясының жетекшісі Владимир Козлов. Алматы, 26 қараша 2011 жыл.
29 наурызда Алматы қалалық сотында тіркелмеген "Алға" париясының жетекшісі Владимир Козловтың Алмалы аудандық сотының шешімінің үстінен түсірген шағымы қаралды.

Бұл туралы Азаттық тілшісіне партияның кеңсесінен хабарлады. Шағымды қараған судья Козловтың шағымын қанағаттандырмай, Алмалы аудандық сотының 19 наурыздағы Козловты тағы бір айға қамау туралы шешімін күшінде қалдырған.

Владимир Козлов 26 қаңтарда "әлеуметтік араздық туғызды" деген айыппен екі айға қамалған. 19 наурызда оны қамауға алу мерзімі тағы бір айға ұзартылған еді.
XS
SM
MD
LG