Accessibility links

Игорь Винявскийді ҰҚК шақыртты


"Взгляд" газетінің бас редакторы Игорь Винявский. Алматы, 19 мамыр 2011 жыл.
"Взгляд" газетінің бас редакторы Игорь Винявский. Алматы, 19 мамыр 2011 жыл.
Жұма күні оппозициялық "Взгляд" газетінің бас редакторы Игорь Винявскийді сағат 15-те ұлттық қауіпсіздік қызметінің Алматы департаментіне тергеуге шақырды. Бұл туралы Азаттық тілшісіне Винявскийдің өзі хабарлады.

Игорь Винявский қаңтар айында "билікті күшпен құлатпақ болды" деген айыппен қамауға алынған. Бірақ наурызда рақымшылыққа ілініп, босап шыққан.
XS
SM
MD
LG