Accessibility links

Жапония: Фукусима маңындағы кейбір аудандарға халық орала бастады


Цунамиден бүлінген қала. Жапония, 8 наурыз 2012 жыл.

Цунамиден бүлінген қала. Жапония, 8 наурыз 2012 жыл.

Жапон билігі Фукусимада жер сілкінісі мен цунамидің кесірінен болған ядролық апаттан кейін бір жыл өткен соң ол аймаққа тұрғылықты халықтың оралуына рұқсат етті.

Апатқа ұшыраған атом электр станциясы маңындағы аудандардың 16 мың тұрғыны (араларында балалар, аяғы ауыр әйелдер де бар) өз үйлеріне бара алады деп хабарлады елдің денсаулық сақтау министрлігі. Ол маңда мектептер қайтадан ашылып, құрылыс жұмыстары жүре бастайды.

Радиациялық зақымдану деңгейі жоғары кейбір аудандар әлі жабық. Сегіз қаланың муниципалитеті қай аудандарға халықты қайтаратындарын шешкен жоқ.
XS
SM
MD
LG