Accessibility links

Сирияда оппозиция мен үкімет әскері қақтығысып жатыр


Хомс қаласындағы бүлінген ғимараттар. Сирия, 30 наурыз 2012 жыл.

Хомс қаласындағы бүлінген ғимараттар. Сирия, 30 наурыз 2012 жыл.

Associated Press агенттігінің хабарына қарағанда, Сирияда қақтығыстар мен қарсылық акциялары әлі жалғасып жатыр. Бұл БҰҰ мен Араб елдері лигасының арнайы өкілі Кофи Аннанның бейбітшілік орнату жоспарына кедергі келтіріп тұр.

Жұма күні Сирия көтерілісшілері араб елдерін "еш әрекет жасамады" деп айыптады.

Бұл күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Сауд Арабиясына барып, қарулануды жақтайтын сириялық оппозиционерлермен кездесті. Клинтонның бұл сапары Стамбулда өтетін "Сирия халқының достары" деп аталатын кездесу қарсаңында болды.
XS
SM
MD
LG