Accessibility links

Обама Иранға байланысты жаңа санкцияны мақұлдады


АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 29 наурыз 2012 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 29 наурыз 2012 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама Иран мұнайын сатып алуға қатысы бар шетелдік банктер мен компанияларға қарсы бағытталған жаңа санкцияны мақұлдады.

"АҚШ-тың жақтастары санкциядан зардап шекпеуі керек, себебі қазір әлемде мұнайдан тапшылық жоқ. Иран мұнайынан біржолата бас тартуға немесе көлемін азайтуға болады" дейді Обама.

Еуропа Одағы елдері мен Жапония Иран мұнайынан бас тартқандарын хабарлады. АҚШ алдағы үш айда Оңтүстік Корея, Үндістан, Қытай мен Түркияның да Иран мұнайын экспорттауды доғаруын қалайды. Әйтпесе бұл елдердің қаржы институттарына қарсы санкциялар қолданылмақ.

АҚШ-тың Иранға қарсы санкциялары 2011 жылдың аяғынан бері қатаңдады. Былтыр Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік "Иран ядролық бағдарламаның желеуімен атом қаруын жасап жатуы мүмкін" деп мәлімдеген еді. Бірақ Тегеран ядролық зерттеулері тек бейбіт мақсатты көздейтінін айтады.
XS
SM
MD
LG