Accessibility links

Қытай "төңкеріс" туралы дақпыртпен күресіп жатыр


Интернет кафедегі жастар. Қытай, 30 желтоқсан 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
Интернет кафедегі жастар. Қытай, 30 желтоқсан 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
Қытайда алты адам "Интернет арқылы қоғамға теріс әсер ететін қауесет таратты" деген айыппен тұтқындалды. Интернеттегі ақпаратты бақылау жөніндегі Қытай мемлекеттік агенттігі өкілі "бірнеше интернет тұтынушысымен әңгімелескендерін" де хабарлады.

Қытай билігі жұмадан сенбіге қараған түні елдегі ең ірі екі микроблог платформасын бұғаулап тастады. Жұма күні 10-нан астам сайт жабылған еді.

Бұған дейін қытай интернетінде, әсіресе микроблогтарда "Пекинге әскер бөлімшелері мен әскери техника келіп жатыр" деген хабар тараған. Блогерлер бұл хабарды "жоғары билікте тартыс болып жатыр, тіпті мемлекеттік төңкеріс те болуы мүмкін" деп жорыған.

Бұл қауесеттің шығуына "Қытай коммунистік партиясы Орталық комитеті саяси бюросының мүшесі Бо Силай жемқорлыққа байланысты тұтқындалды" деген ресми мәлімдеме себеп болған.
XS
SM
MD
LG