Accessibility links

Қырғызстанның Баткен қаласында шеру өтіп жатыр


Қырғызстанның оңтүстігіндегі Баткен қаласында оппозицияның митингі өтіп жатыр.

Азаттық радиосы Қырғыз қызметінің хабарлауынша, бұл шеруге мыңға тарта адам жиналған. Митингіге “Бүтүн Қырғызстан” партиясының жетекшісі Адахан Мадумаров, “Ата Жұрт” партиясынын басшылары Камчыбек Ташиев пен Акматбек Келдібеков, Коммунистер партиясының жетекшісі Исхак Масалиев қатысқан.

Шерушілер биліктен 1993 жылы қабылданған конституцияға қайта оралуды, 2010 жылы Ошта болған толқуға кінәлі адамдарды жазалауды талап етті.

Тұрғындарының көбі өзбек ұлтынан құралған Ош өңірінде 2010 жылы маусымда қақтығыс болып, 450 адам жапа шеккен еді.
XS
SM
MD
LG