Accessibility links

БҰҰ: Пәкістанның солтүстік-батысында босқындар көбейіп барады


Пешавар қаласы маңындағы Жалозай лагерінде кезекте тұрған босқындар. Пәкістан, 23 қазан 2011 жыл.
Пешавар қаласы маңындағы Жалозай лагерінде кезекте тұрған босқындар. Пәкістан, 23 қазан 2011 жыл.
Пәкістанның солтүстік-батысында үкімет әскері мен көтерілісшілер жасағы арасындағы соғыс кесірінен үш айда 140 мың жергілікті тұрғын қоныстарынан кетті деп хабарлады БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі қызметі.

БҰҰ өкілі Дуня Аслам Ханның Азаттық тілшісіне айтуынша, босқындар Пешавар қаласы маңындағы Жалозай лагерінде тіркелген. Хайбер ауданындағы қақтығыс үдеген соң босқындар да күрт көбейген.

Соңғы жылдары Пәкістанда қарулы қақтығыс пен табиғи апаттар кесірінен 10 миллиондай адам басқа жаққа қоныс аударды.
XS
SM
MD
LG