Accessibility links

Қытай билігі интернеттегі «зиянды хабар» авторларын ұстады


Интернет-кафеде отырған адам. Қытай, 16 наурыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Интернет-кафеде отырған адам. Қытай, 16 наурыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Қытай билігі "интернет арқылы зиянды мәлімет таратты" деген күдікпен мыңға тарта жастарды тұтқындады. "Синьхуа" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, интернеттен ондай "зиянды" хаттың 200 мыңдайы өшірілген. Үш мыңдай сайттың иелеріне ескерту жасалды.

Қытай жұмадан сенбіге қараған түні елдегі ең ірі екі микроблог платформасын бұғаулап тастаған еді. Жұма күні 10-нан астам сайт жабылған.

Бұған дейін қытай интернетінде, әсіресе микроблогтарда "Пекинге әскер бөлімшелері мен әскери техника келіп жатыр" деген хабар тараған. Блогерлер бұл хабарды "жоғары билікте тартыс болып жатыр, тіпті мемлекеттік төңкеріс те болуы мүмкін" деп жорыған.

Бұл қауесеттің шығуына "Қытай коммунистік партиясы Орталық комитеті саяси бюросының мүшесі Бо Силай жемқорлыққа байланысты тұтқындалды" деген ресми мәлімдеме себеп болды.
XS
SM
MD
LG