Accessibility links

Мьянмадағы сайлауға Су Чжи қатысып жатыр


Аун Сан Су Чжи баспасөз мәслихатын өткізіп тұр. Янгон, 30 наурыз 2012 жыл
Аун Сан Су Чжи баспасөз мәслихатын өткізіп тұр. Янгон, 30 наурыз 2012 жыл
1 сәуірде Мьянмада (Бирма) өтіп жатқан парламент сайлауын соңғы кезеңдегі алғашқы еркін сайлаудың бірі деп атайды. Өйткені бұл жолы депутаттық мандатқа кандидат боп тіркелгендердің ішінде оппозиция жетекшісі Аун Сан Су Чжи де бар.

Үкімет басындағы әскерилер бірнеше ай бойы реформалар жасап, 664 орындық парламенттегі ондаған бос орынға қайта сайлау өткізу туралы шешім қабылдаған.

Сайлау нәтижесі отставкадағы әскери басшылықтың уысындағы билік құрамына әсер етпеуі де мүмкін. Бірақ 66 жасар оппозицияшыл саясаткер әйел Аун Сан Су Чжи қайта сайлауға қатысқанына өкінбейтінін айтады. Ол осындай жолмен болсын халықтың саяси белсенділігін арттырған пайдалы деп есептейді.

Елдің әскери басшылығы Су Чжиді 1990 және 2010 жылдары өткен сайлаулар кезінде үйқамақта ұстаған болатын.
XS
SM
MD
LG