Accessibility links

Ташкенттегі жанар-жағар май бекетінде екі жарылыс болды


Ташкенттің орталығындағы жанар-жағар май бекеттерінің бірінде қатарынан екі жарылыс болды деп хабарлайды РИА-Новости агенттігі. Агенттік жергілікті ақпарат құралдары мен куәгерлердің сөзіне сілтеме жасайды.

Агенттіктің хабарлауынша, сол маңнан өтіп бара жатқан және бекетте тұрған адамдар арасында зардап шеккендер бар. Жарылыс орны қоршалып, төтенше оқиға орнына жедел жәрдем мен милиция көліктері жіберілді.

Бұл ақпаратты Өзбекстанның ресми орындары әлі растаған жоқ.
XS
SM
MD
LG