Accessibility links

Оппозиция: Мьянмадағы сайлауда Су Чжи жеңді


Мьянманың негізгі оппозициялық партиясы - Демократия ұлттық лигасы 1 сәуір күні босаған парламент орындары бойынша өтіп жатқан сайлауда партия жетекшісі Аун Сан Су Чжи жеңіп шықты деп хабарлады.

Партия өкілінің мәлімдеуінше, 66 жасар Нобель сыйлығының лауреаты Су Чжи өзі сайлауға түсіп жатқан аймақ бойынша 82 пайыз дауыс жинап, парламентке өтті.

Бұл мәлімет ресми түрде жарияланған ақпаратқа жатпайды. Сайлау комиссиясы әзірше жексенбі күнгі дауыс беру нәтижелерін жариялаған жоқ.

664 орындық Мьянма парламентінің ондаған бос орындары бойынша өтіп жатқан қосымша сайлау соңғы кезеңдегі ең ашық бәсеке деп аталып жатыр. Бұл жолғы сайлауға өмірінің 20 жылы үйқамақта өткен Мьянма оппозициясының жетекшісі Аун Сан Су Чжи қатыстырылып отыр.

Елдегі үкімет билігі әлі де отставкадағы әскер басшыларының уысында. Әскери билік соңғы айларда бірқатар саяси реформалар жасауға келіскен еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG