Accessibility links

Үздік үш комментарий


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет
Аzattyq.org оқырмандары соңғы аптада сайтта жарияланған мақалаларға қатысты жазған комментарийлердің назар аудартқандары.

БІРІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Бізде жалпы сөздік атаулы кем, сосын электрондық варианттары мен дыбысталуын да қоса шығарса екен. Қазақ тілімен басқа тілдерді бір-біріне сөйлем, абзац бойынша аударатын сөздіктер жоқтың қасы. Ескерсе екен осы жайлы ізденіп жүргендер. Ұлтымыз үшін ең керекті оқулықтар бұлар.

ishky bulkhinys, astana

(«Үлкен қазақ-ағылшын сөздігі таныстырылды» атты мақалаға жазылған пікір)

ЕКІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Жалпы, адам баласы сиынатын барлық діндерді құндылық деп танимын. Одан кейін мен үшін жеке адамның жасампаз болмысы, өзіндік сенімі, ізгі қалауы - құндылық. Осыны ұққан кезде жеке кісі бойында демократиялық этика қалыптасады. Қазақ баласының барлық діндерді танып-білуін, жаһандық дамуға барынша терең араласуын армандаймын...

Демократ

(«Экстремизмді насихаттағаны үшін» қандай сайттар жабылды?» атты мақалаға жазылған пікір)

ҮШІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Өткенде муфтият халал асты дамыту үшін кооператив құрған болатын, ақпан айының басында өткен жиынға мен де қатыстым, сонда, адам айтса сенгісіз, кооперативтің атын «Нұрхалал» деп қойыпты. Сол жиында бірнеше адам осы атауды өзгертуді талап еткен. Муфтияттан келген Оңғар Өмірбек келіскен болатын.
Алайда екі апта бұрын шыққан муфтияттың газетін оқысам «біз Нұрхалал деген кооператив аштық» деген мақала жарық көріпті. Сонда не болғаны? Діни терминге не үшін елбасының атын қосады? Ертең сонда біз нұрқұран оқимыз ба? Нұрмешітке баратын боламыз ба? Өзімізді нұрмұсылман деп атаймыз ба? Нұрдәрет алып, нұрнамаз оқимыз ба? Нұримамдарға барып, нұрбата аламыз ба?

Мақсат, Алматы

(«Ақтауда мұнайшылар белсендісі қамауға алынды» атты мақалаға жазылған пікір)
XS
SM
MD
LG