Accessibility links

"Сирияның достары" ел оппозициясын мойындады


Жексенбі күні Стамбулда өткен "Сирия халқының достары" халықаралық конференциясына қатысқан елдер өкілдері Сирия оппозициялық ұлттық кеңесін сол мемлекет халқының заңды өкілдігі деп таныды.

Стамбулда жиналған 60-тан астам ел өкілдері Сирия президенті Башар әл-Асадқа "БҰҰ және Араб елдері лигасының арнайы өкілі Кофи Аннан ұсынған дағдарысты шешу жоспарын іске асыру мерзімін бекітуі тиіс екенін" айтты.

Ресей, Иран және Қытайдан өзге елдер қатысқан "Сирия халқының достары" конференциясы Сирия әскерін "ел президентінің қарапайым халықты ат деген бұйрығын орындамауға" үндеді.

Жиында сөйлеген АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Башар әл-Асад үкіметінің мүшелерін "қарапайым азаматтарға қарсы операцияларды доғаруға" шақырды.

Осы күні Сирия ұлттық кеңесі Башар әл-Асадқа қарсы күрескен ереуілшілерге ақы беретінін мәлімдеді. Парсы шығанағындағы Сауд Арабиясы бастаған бірнеше ел Сирияны азат ету армиясы мен оппозиция жағына өткен жауынгерлерге жалақы төлейтін қор құрылғанын хабарлады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG