Accessibility links

Жаңаөзен соты қайта жалғасты


Жаңаөзен оқиғасы бойынша басталған сот отырысы. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.
Жаңаөзен оқиғасы бойынша басталған сот отырысы. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.
Ақтауда Жаңаөзен оқиғасы бойынша сот отырысы бүгін қайта жалғасты. 27 наурызда басталып, төртінші күнге созылған сот "Арман" жастар орталығында өтіп жатыр.

Twitter желісіндегі хабарларға қарағанда, сот кейбір айыпталушыларға қатысты дәрігерлердің тексеру қорытындысын оқыған. Ол бойынша, жаралыларды ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ, түрме стационарында емдесе жеткілікті.

Қазір жәбірленушілерден жауап алынып жатыр.

Соттың бұған дейінгі отырысында бірнеше жәбірленуші айыпкерлерден өтемақы талап етпейтіндерін жариялаған болатын.

Судья тағы бір айыпкердің денсаулығына байланысты оны үйқамаққа ауыстыру туралы шешім шығарған.

Сотта 37 айыпкер, 100-ден астам жәбірленуші мен 45 куә жауап беріп, істі қарауға 6 мемлекеттік айыптаушы мен 12 қорғаушы қатысып жатыр.
XS
SM
MD
LG